29 қаңтар 2021 | 20:27

Екібастұздық 13 жастағы нейл-мастер отбасының қолдауы туралы айтты

Екібастұздық 13 жастағы нейл-мастер Арулыат Мұхаметқали мен анасы Сания Рахимова Aina-LINE арнайы жобасында отбасының қолдауы мен баланың жігері оның дарынын дамытуға қалай әсер еткенін айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұздық 13 жастағы нейл-мастер Арулыат Мұхаметқали мен анасы Сания Рахимова Aina-LINE арнайы жобасында отбасының қолдауы мен баланың жігері оның дарынын дамытуға қалай әсер еткенін айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.

Aina-LINE арнайы жобасы Alash Media Group Damin Group-пен бірлесіп I-BALAQAI жобасы аясында қолға алынды.

Реклама
Реклама

Арулыат көпбалалы отбасында өсіп келеді, одан бөлек төрт бала бар. Бекарыс - інісі. Ол екі жасында үшінші қабаттан құлап түскен болатын. Бас миының жарақатының салдарынан ол сал болып қалды. Қазақстандық және шетелдік дәрігерлер баланы емдеуді әлі бастаған жоқ. Баланың денсаулығы Қырғызстандағы дәрігердің бақылауында. Оның отбасы әр сапары үшін ақша жинауға мәжбүр.

Ол 11 жасында маникюр жасап, ақша тапқысы келді. Бірнеше курстан өткеннен кейін Португалиядағы нейл-мастерлердің жарысына қатысып, 17 елден келген 190 қатысушының ішінде озып шығып, халықаралық чемпионатта жеңіске жетті. Ол тапқан табысының жартысын мұқтаж адамдарға және Екібастұздағы науқас балаларға береді. 

Эфир барысында Арулыат үш жыл бұрын анасы отбасылық мерекеге дайындалып, үйге маникюр жасаумен айналысатын адамды шақырған кезде маникюр жасаумен айналысуға шешім қабылдағанын айтты.  

Алайда оның анасы ұлының маникюр жасау үйренугісі келетініне бірден мән бере қоймаған. Бірақ бірнеше жылдан кейін анасы көнген. Санияның айтуынша, маникюр жасап үйрену курсы мен қажет құралдарға несие алғанын айтады.  

"Енді бастаған кезде қажет құралдарын алып беру керек болды. Бастапқыда несие алдым, оның курсына ақша төлеу керек болды, сосын бірнәрселер сатып алып бердім. Ол үйреніп алғанша басында тегін істеп жүрді. Тек бес лагы болатын. Сосын екі айдан кейін маған: "Анашым, менде бәрі бітіп қалды" деді. Мен: "Бітіп қалған несі? Мен әлі несие төлеуім керек, ал сенде бәрі бітіп қалған" дедім", - дейді Сания. 

Сания екінші рет несие алған кезде Арулыат тегін жұмыс істей алмайтынын түсінген. Ең алғашқы клиенті өзінің әжесі болған. Осылайша әрі қарай дами түскісі келген.  

"Егер ол: "Анашым, мен күреспен айналысқым келеді" десе не ер адамдарға қатысты нәрсені айтсам қолдайтын едім. Үнемі болашағы туралы ойлайсың ғой, оған сыныптастары, туыстары қалай қарайды деген секілді. Бәрі бастапқыда қатты таңғалды. Бірақ балалар емес, ересектер", - дейді Сания.

Оның айтуынша, отбасылық харизма - қиын кезеңдерден өтуге көмектеседі. 

"Бекарысқа қатысты қиын кезең болған кезде біз транста болдық. Отырып, көз жасты көл қыла беру дұрыс емес екенін түсіндік. Болары болды. Сол оймен өмір сүру керек. Жай ғана өмір сүрмеу керек. Не өмірде кез келген жағдай болуы мүмкін екенін көрсетіп, қиындықты еңсере білу керек", - дейді эфир қонағы. 

Сания Рахимованың Арулыатты қолдауының тағы бір себебі оның "ер адамға тән мамандығы", ол - еркін күрестен спорт шебері. Бірақ олар тек қоғамдық көзқарастарға ғана емес, мұғалімдерді табуда да қиындықтарға тап болды. Себебі маникюр үйрететіндер оқушы ер бала екенін білген кезде бас тартқан екен. 

"Ұл бала екені және жасына мән беретін. Көбі жасын естіп, қорқып кететін. Кейбірі жауапкершіліктен қорқатын. Себебі не дегенмен де мамандық денсаулықпен байланысты ғой", - дейді анасы. 

Бүгінде Арулыатқа шетелге жұмыс істеуге шақыртулар түсіп тұрады. 

"Бала анасы бақытты болған жағдайда бақытты болады", - дейді Сания. 

"Егер анасының көңіл-күйі жақсы болса, баласының жанында болып, күліп, ойнаса. Кей кездері баламен бала болу керек. Бір кезде бала болып, бірге ойнау керек. Қажет кезде жиналу керек", - дейді ол. 

"Әр баланың бойында дарыны бар. Тек соны байқай білу керек. Қолынан келсе жалғастырады, қолынан келмесе басқа нәрсені көреді. Бастысы бетінен қақпау керек. Қателер арқылы үйренеді", - дейді Сания Рахимова. 

Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-каналынан көре аласыздар. 

"Інжу" мейрамханасына түсірілім үшін локация ұсынғанына алғыс білдіреміз.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады. 

Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қол жетімді, SoundCloudAnchor.FM"Яндекс.Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная