20 наурыз 2023 | 08:35

Екінші exit poll қорытындысы шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Қазақстандағы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы екінші exit poll қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Қазақстандағы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы екінші exit poll қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Exit poll қорытындысы бойынша дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  • Amanat партиясы – 54,42 пайыз;
  • Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10,21 пайыз;
  • Respublica партиясы – 8,79 пайыз;
  • Қазақстан халық партиясы – 6,89 пайыз;
  • "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,17 пайыз;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 8,21 пайыз;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4,91 пайыз.
Реклама
Реклама

Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.

19 наурыз 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдерде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.

66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная