23 маусым 2022 | 10:57

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©KZgovernment

Серік Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Серік Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Серік Салаватұлы Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кузбасс политехникалық институтын, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған. Әр жылдары жеке меншік секторында жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

2001-2005 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2005-2007 жылдары - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2007-2008 жылдары - Қызылорда қаласының әкімі.

2008-2014 жылдары ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі. 

2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан қазірге дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымында болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная