22 маусым 2019 | 13:58

Экология министрі Ақтөбеге аттанды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ақтөбеге жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ақтөбеге жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мағзұм Мырзағалиев өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмауына байланысты туындаған мәселені зерделеу үшін Ақтөбеге ұшады. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке тапсырма берді.

"Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 22, 2019

Министрлікте экологтарды, кәсіби мамандарды тарта отырып, жағдайды объективті зерттеу жұмыстары басталды. Министрдің сапары нәтижелері және қажетті шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная