23 ақпан 2024 | 15:17

Экология министрі вице-министр Ошурбаевтың ұсталғаны туралы қауесетке жауап берді

Ерлан Нысанбаев. Фото:primeminister.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев вице-министр Мансур Ошурбаевтың ұсталуына қатысты қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев вице-министр Мансур Ошурбаевтың ұсталуына қатысты қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология министрлігі басшысының айтуынша, Дубайдағы Қазақстан павильонын дайындау туралы істі тергеу аясында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-конференциясын ұйымдастыру ісіне қатысты вице-министрдің кабинетінен құжаттар алынған. Ол Мансұр Ошурбаевқа әлі айып тағылмағанын атап өтті.

"Бүгінде ол куәгер ретінде көмектесіп жатыр, бұлтартпау шарасы жоқ, қазір жұмыста", - деп жауап берді Нысанбаев.

Реклама
Реклама

Вице-министрді қызметінен босату жоспары бар ма, деген сұраққа Нысанбаев былай деп жауап берді:

"Тергеу қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз. Ол куәгер ретінде қатысып жатыр, менің білуімше, ол тергеумен ынтымақтасады".

Бұған дейін Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болған. Сондай-ақ, БАҚ-та Ошурбаевтың қылмыстық іс бойынша айыпталушы болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Мансур Ошурбаев / gov.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная