ПОДЕЛИТЬСЯ
18 сәуір 2022 | 16:30
Экология министрлігі Нұр-Сұлтандағы қою түтін қайдан пайда болғанын айтты
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Нұр-Сұлтандағы қою түтіннің пайда болуы себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Нұр-Сұлтандағы қою түтіннің пайда болуы себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология министрлігінің мәліметінше, "Қазгидромет" РМК-ның экологиялық бақылау бекеттері ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткенін тіркеген:
- күкіртсутегі бойынша: 1,1-3,2 ШЖК шегінен асқан 38 жағдай;
- РМ бойынша 2,5 (шаң): 1,1-2,2 ШЖК деңгейінде 76 жағдай;
- РМ10 (шаң) бойынша: 1,1-1,2 ШЖК деңгейінде 7 жағдай;
- азот оксиді бойынша: 1,0-2,5 ШЖК шегінен асқан 30 жағдай;
- азот диоксиді бойынша: 1,1-3,6 ШЖК шегінен асудың 53 жағдайы.
Фото: Экология министрлігінің баспасөз қызметі
"Нұр-Сұлтанда атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 10 стационарлық бекетте жүргізіліп жатыр, оның ішінде алты автоматты және төрт қолмен сынама алу бекеті бар. NASA картасы бойынша 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошақтары байқалды. Бұл өрттер елордада байқалған түтінге әсер етуі мүмкін", - деп түсіндірді Экология министрлігі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также