Экология министрлігі Шардара суқоймасын толтырудағы қиындықтар туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©Tengrinews.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов еліміздің оңтүстігіндегі суармалы сумен қамтамасыз ету жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов еліміздің оңтүстігіндегі суармалы сумен қамтамасыз ету жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожаниязов Сырдария өзені мамандарды ерекше алаңдатып отырғанын атап өтті.

"Алдын ала есептеулер бойынша, вегетацияаралық кезеңде Шардара суқоймасының ең төменгі ағыны күтіліп отыр. Біз оны толтыруда үлкен қиындықтарға кезігеміз, сондықтан өзеннің төменгі ағысына төгуді шектедік. Вегетациялық кезең басталғаннан бері Сырдарияның төменгі ағысы екі миллиард текше метрден астам су ала алмады", - деді ол.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бүгінде Шардара суқоймасында "Көксара" қарсы реттегішінде бұрынғыдан 770 текше метр су аз жиналған.

"Мұны және күтілетін төмен ағынды ескере отырып, ҚҚСД келісілген болжамына сәйкес суқоймасын толтыру қиынға соғады, соның салдарынан Түркістан және Қызылорда облыстарының фермерлерін суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша проблемалар, сондай-ақ Арал өңіріндегі экологиялық жағдайдың күрделенуі туындауы мүмкін", - деп қосты Қожаниязов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная