ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2021 | 09:08
Экологтар ШҚО-дағы Алакөл көлінің 60 гектарын құрғату жоспарына наразы
Шығыс Қазақстанда Алакөл көлінің 60 гектарын кептіру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия" Бірінші арнасына" сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстанда Алакөл көлінің 60 гектарын кептіру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия" Бірінші арнасына" сілтеме жасап.
Аймақ экологтары шенеуніктердің шешіміне наразы. Олар бастаманы қоршаған ортаға қауіпті деп санайды. Экологтардың пікірінше, құрғату жоспары елдің Су кодексінің талаптарына қайшы.
"Олар онда бір қонақ үй салады дейді. Жабайылық, өйткені бұл ерекше көл. Бос жерлер көп бола тұра оның бетін құрғату ақымақтық. Үлкен шығындардан басқа, мұның бәрі қалай бағаланғаны және не үшін жасалып жатқаны белгісіз", - дейді эколог Дәулет Асанов.
Экология министрлігі жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді. Журналистер көлдің 85 футбол алаңындай бір бөлігін не үшін жасанды тарту керегін Наурыздан кейін біле алады деп үміттенеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также