Экономика министрі байлыққа салынатын салық туралы айтты

Иллюстрациялық сурет: gorvesti.ru

?лтты? экономика министрі Тимур С?лейменов байлы??а салынатын салы? туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов байлыққа салынатын салық туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Байлыққа салынатын салық - мұны түрліше түсінуге болады. Бірнеше жыл бұрын қозғалтқыш көлемі үлкен көліктерге салықты көтергені естеріңізде шығар. Көлемі үлкен дегеніміз - құны да жоғары және олардан көбірек алынады. Меніңше, жер телімі, мүлік пен көлік сияқты салық салынатын нысандар жеңіл басқарылады", - дейді министр халықпен есептік кездесу кезінде. 

Оның сөзінше, байлыққа салынатын салық мемлекеттік кадастырларда, реестр, тіркеуде тұрған және ІІМ мен Әділет министрлігінде реттелетін нысандарға салуға болады. 

Реклама
Реклама

"Байлыққа салықты еңбекақыдан алмау керек, жеңіл басқарылатын нысандарға бұру қажет. Әрине бұған да салмақтап келуіміз керек. Әзірге тек халыөаралыө тәжірибелерді қарастырып отырмыз және бізге қалай боларын саралап отырмыз. Бұл жылы осы мәселе бойынша ешқандай өзгеріс жоспарланып жатқан жоқ", - дейді ол. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама