08 қазан 2020 | 09:24

Экономист Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутат Айқын Қоңыровтың Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысына жауап берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутат Айқын Қоңыровтың Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысына жауап берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Министрлік мәліметінше, жақын арада бұл туралы айту мүмкін емес. 

Реклама
Реклама

"Зейнеткерлерді жұмыс істейтін адамдар асырап жатыр. Мұның басқа асқа жолы жоқ. Зейнеткерлерге лайық өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін бір зейнеткерге кемінде үш қызметкер болуы керек", - дейді экономист Арман Бейсембаев.

Оның айтуынша, депутат Қоңыровтың зейнет жасын төмендету туралы ұсынысы сайлау алдындағы популистік әрекеті. 

"Шу шығару керек, бір нәрсе айту керек. Халыққа ұнау керек, одан басқа ештеңе жоқ", - деді Бейсембаев депутаттың сөзіне пікір білдіре отырып.

Еске салайық, мұның алдында Мәжіліс депутаттары Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Қазіргі пандемияда зейнеткерлерге оқшаулану үшін барлық жағдайды жасау керек деген болатын депутаттар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная