Екпе салдырғандар қашан "жасыл" мәртебесінен айырылуы мүмкін?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың кейінгі қаулысында екпе салдырғандар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесін жоғалтуы мүмкін жағдайлар қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың кейінгі қаулысында екпе салдырғандар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесін жоғалтуы мүмкін жағдайлар қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қыркүйекте қабылданған қаулы бүгін, 27 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Онда азаматтарға "жасыл" мәртебе коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алғаннан кейін беріледі делінген. Бұл мәртебе оларда 21 күн бойы сақталады. Егер осыдан кейін екінші компонентті алмаса, оның мәртебесі бірден "көк" болады.

Реклама
Реклама

COVID-19-ға қарсы екпе курсын аяқтағандар үшін "жасыл" мәртебе бір жылға сақталады.

Айта кетейік, Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебені үш ай ішінде коронавирус жұқтырғандар, дәрігерлік құқығынан айырылған азаматтар, соның ішінде жүкті әйелдер, сондай-ақ ПТР-сынамасын бір апта ішінде өткендер алады.

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 27 қыркүйектен бастап елімізде салтанатты, мерекелік, отбасылық іс-шаралар, банкеттер, үйлену тойлары мен мерейтойларды өткізуге рұқсат берілді. Тойға келетін адам саны өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты белгіленеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная