29 қаңтар 2021 | 10:42

Экс-депутат Алматыдағы аудан әкімі лауазымына келісілді

Экс-депутат Серік Құсманов Алматыда Алмалы ауданының әкімі қызметіне келісілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экс-депутат Серік Құсманов Алматыда Алмалы ауданының әкімі қызметіне келісілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы VII шақырылған Алматы мәслихатының кезектен тыс II сессиясында белгілі болды.

Реклама
Реклама

Экс-депутат Серік Құсмановты Алмалы ауданының әкімі кандидатурасына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынды. Мәслихат депутаттары оны бірауыздан қолдады. 

Бұған дейін Құсайыновтың кандидатурасы Президент Әкімшілігінде қаралып, мақұлданған болатын.

Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылы туған, Алматы облысының тумасы. Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Мемлекеттік басқару жүйесінде едәуір жұмыс тәжирибесі бар. Әр жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс жасаған. Алматы қалалық мәслихатының депутаты, VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партия фракциясының мүшесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная