ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2021 | 11:13
Экс-депутат экология министрлігінде лауазымға ие болды
Шавхат Өтемісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шавхат Өтемісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Шавхат Әнесұлы Өтемісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Шавхат Өтемісов 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, 2000 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1985 жылы Орал облысы Чапаев ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.
1987-1992 жылдары комсомол органдарында жұмыс істеді. Осы кезеңде Чапаев аудандық комсомол комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі, Орал облыстық комсомол комитетінің ұйымдастыру-одақтық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі, хатшы-меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1992-1994 жылдары Орал облыстық әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 1994-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы, туризм және спорт басқармасының басшысы болды.
2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан облысы телерадиокомпаниясының төрағасы болды.
2001-2002 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарды.
2006-2007 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007-2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
2012-2016 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы.
2016-2021 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также