26 ақпан 2020 | 10:01

Экс-депутат Instagram жұлдыздарын бұғаттауды ұсынды

Қазақстанда жосықсыз жарнама жасаған Instagram аккаунтарды бұғаттау ұсынылды. Бұл туралы экс-депутат Светлана Романовская айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жосықсыз жарнама жасаған Instagram аккаунтарды бұғаттау ұсынылды. Бұл туралы экс-депутат Светлана Романовская айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Романовскаяның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жұлдыздар жосықсыз жарнамалармен жиі айналысып кеткен. Экс-депутат миллионнан аса жазылушысы бар актерлердің, әншілердің, вайнерлердің не жарнамалап жатқаны тексерілмейтін болғанын айтады. Салдарынан көбіне синтетикалық есірткілер мен қаржы пирамидалары жарнамада жүреді дейді.

Реклама
Реклама

Қаржы пирамидасы: Желіде жарнама жасағандар қалай жазаланады

"Бұл өз абыройын төгу деген сөз. Не жариялайтыныңды бастапқыда тексеру керек, адамдарды шатастырмау қажет. Олар өзіне керек ақшаны алды, ал жазылушыларына немқұрайлы қарады. Жұлдыздардың еш қатысы жоқ деуге болмайды Оларға ақша берді, олар да жарнамасы үшін ақша алды. Жазылушылары көп аккаунтарды бұғаттап тастау керек деп ойлаймын", - деді Светлана Романовская.

Экс-депутат Желіде жарнама орналастыру ережелерін қатаңдату керегін айтады.

Еске салайық, қазіргі уақытта елімізде "Гарант 24" және "Estate Ломбард" ломбардтарының қызметі тоқтатылып, оның басшыларына халықаралық іздеу жарияланды. Қазақстандықтар бұл компаниялардан өз ақшаcын қайтаруды талап етіп отыр. Ал полиция бұл іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Танымал қазақстандықтардың ломбардтарды жарнамалауы жағдайды ушықтырған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная