ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2024 | 15:50
Экс-генерал Күдебаевтың туыстары жерінен айырылғаны рас па?
Темірлан Мырзақұл мен Мұратбек Күдебаевтың жалға алған жерлеріне қатысты істі мамырда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Темірлан Мырзақұл мен Мұратбек Күдебаевтың жалға алған жерлеріне қатысты істі мамырда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кенсай-Агро" ЖШС-не және Темірлан Мырзақұл мен Мұратбек Күдебаев сияқты бірнеше жеке тұлғаларға қатысты талап арызды Алматы облысының жер ресурстарын басқару басқармасы берген. Ол жерді жалға беру шарттарын жарамсыз деп тануды талап етті.
Сот талапкердің талаптарын толығымен қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Жауапкерлер мен талапкер арасында 2013, 2019, 2021 жылдары жасалған жер учаскелерін жалға беру шарттары жарамсыз деп танылды.
Тағы бір сот ісі Ұзынағаш ауылдық округіндегі үш жер теліміне (жайылым) қатысты. Әр учаскенің ауданы - 1000 гектар.
Алматы облысының жер ресурстарын басқару басқармасы конкурстар барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтап, нәтижесінде Мұратбек Күдебаев пен Темірлан Мырзақұл жерді жалға алған. Әкімдік қызметкерлері сотқа жүгініп, сот жалға беру шарттарын жарамсыз деп таныды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также