ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2023 | 10:55
Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болды - Бас прокуратура
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қылмыстық іс лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалды. Мемлекетке аса ауыр көлемде шығын келтірілді. Бекетаев жасырынбақ болған кезінде ұсталды. Қалған мәлімет тергеуге байланысты жария етілмейді", - деді Шындалиев.
"Әуежайда ма?" деген журналистің сұрағына шенеунік "иә" деп жауап берген.
Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также