Экс-министр Бекетаевтың ісі: Әділет министрлігінің қызметкерлері сотқа шақырылған

Экс-министр Бекетаевтың ісі: Әділет министрлігінің қызметкерлері сотқа шақырылған Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әділет министрлігінің қызметкерлері экс-министр Марат Бекетаевқа қатысты іс бойынша куә ретінде сотқа шақырылды. Бұл туралы қазіргі әділет министрі Ерлан Сарсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрлігінің қызметкерлері экс-министр Марат Бекетаевқа қатысты іс бойынша куә ретінде сотқа шақырылды. Бұл туралы қазіргі әділет министрі Ерлан Сарсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің алдыңызда қызмет атқарған Марат Бекетаевтың ісі жақын арада сотта қаралады. Сізді немесе Әділет министрлігінен адамдарды куә ретінде сотқа шақырды ма?" – деп сұрады Мәжіліс кулуарында журналистер министрден.

Ерлан Сарсембаев Бекетаев ісі бойынша сот процесі жүріп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Менің білуімше, іс сотта қаралып жатыр. Министрліктен екі қызметкер куә ретінде шақырылған", – деді министр.

Сарсембаевтың айтуынша, қазіргі кезде Әділет министрлігінің ешбір қызметкері Бекетаев ісі бойынша күдікті ретінде танылмаған.

Бекетаевтың ісі

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісіне қатысты деректер құпия.

Министр 2023 жылдың қазан айында қамауға алынған. Күні бүгінге дейін қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Бекетаевқа "үлескер компаниялардың мүддесін қолдап, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірді" деген айып тағылып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама