02 ақпан 2024 | 17:03

Экс-министр Біртанов дәрігерлік қателікке қатысты заң жобасы туралы айтты

Фото:depositphotos.com

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазір QazMed салалық кәсіподағының кеңесшісі Елжан Біртанов Қазақстанда дәрігерлік қателіктер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпауға шақырды. Бұл туралы ол медицина қызметкерлері кәсіподағы мүшелерінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазір QazMed салалық кәсіподағының кеңесшісі Елжан Біртанов Қазақстанда дәрігерлік қателіктер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпауға шақырды. Бұл туралы ол медицина қызметкерлері кәсіподағы мүшелерінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг қылмыстық жауапкершілікті сақтай отырып, медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізетін заңнамаға өзгерістер енгізу туралы. Заң жобасы қазір Парламентте қаралып жатыр.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Қазақстанда медицина саласындағы даулы мәселелерді шешу үшін тәуелсіз медициналық сарапшылар жетіспейтінін атап өтті. Мұндай жүйені 2000-жылдардан бастап жасауға тырысып келеді. Біртанов депутаттарды науқас қайтыс болған жағдайда медициналық қателіктер үшін дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасын қабылдауды кейінге қалдыруға шақырды.

"Әлемнің ешбір жерінде, ешбір елде немқұрайлық үшін қылмыстық жауапкершілік жоқ", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная