03 қараша 2020 | 11:49

Экс-министр Елжан Біртанов қамауға алынды

©Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", - делінген комитеттің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Желіде экс-министр Біртанов ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпарат Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланған болатын. Кейінірек бірқатар БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ұсталғанын мәлімдеді.

Елжан Біртанов биыл 25 қаңтардан 25 маусымға дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды. Ол қызметінен кетер алдында коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Сол кезде Біртанов ауруы пневмонияға асқынғандықтан, оған қосымша емделу қажет екенін хабарлаған еді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы - Алексей Цой.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная