Экс-министр Мұхамедиұлына қатысты 1,3 миллиард теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

Экс-министр Мұхамедиұлына қатысты 1,3 миллиард теңгенің активі мемлекетке қайтарылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы прокуратурасы бұрын мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар компанияның заңсыз иелігінде болған "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100 пайыздық үлесін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы прокуратурасы бұрын мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар компанияның заңсыз иелігінде болған "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100 пайыздық үлесін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, 2015 жылы кәсіпорынның бүкіл үлесін жеке заңды тұлға заңсыз жекешелендіріп алған. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік - Алматының Әуезов ауданында орналасқан алаңы 2 108,3 шаршы метр ғимарат пен жер телімі иеліктен шығарылған.

"Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шарты мен одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап арызы толық қанағаттандырылды, құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын актив мемлекетке қайтарылуы тиіс", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, 2024 жылғы ақпанда Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп танылды. Бұрынғы шенеуніктің алдыңғы жазасын ескере отырып, ол 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама