24 желтоқсан 2020 | 13:26

Экс-вице-министр Азамат Асқарұлы жаңа қызметке тағайындалды

Азамат Асқарұлы. Фото:gov.kz

ҚР сауда және интеграция бұрынғы вице-министрі Азамат Асқарұлы QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР сауда және интеграция бұрынғы вице-министрі Азамат Асқарұлы QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Асқарұлы "QazTrade "сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған.

2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін, 2016 жылы Гонконг ғылым және технология университетін бітірген.

Түрлі жылдары "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "Қазақстан темір жолы Экспресс" АҚ-да жұмыс істеді, Гонконг қаласындағы "KTZ Express Hong Kong" ЖШҚ басқарды.

2016-2019 жылдары ҚР премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болды.

2019 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная