ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2019 | 13:08
Эксперимент: Алматылық журналистер кәріз құдығының қақпақтарын сатуға тырысты
"Алматы" телеарнасының тілшілері арнайы эксперимент жүргізіп көрді. Ол үшін жергілікті билік өкілдерінен кәріз жүйесінің қақпағын алып, оны металл қабылдайтын орындарға өткізіп көрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Алматы" телеарнасының тілшілері арнайы эксперимент жүргізіп көрді. Ол үшін жергілікті билік өкілдерінен кәріз жүйесінің қақпағын алып, оны металл қабылдайтын орындарға өткізіп көрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Телеарнадағылардың мәліметінше, былтыр тәртіп сақшылары Алматыдағы люк қақпақтарын қолды қылған 57 адамды ұстап, 100-ге жуық коммуналдық мүлікті иелеріне қайтарыпты. Биылдың өзінде 22 қылмыскер ұсталған. Мұндай қылмысқа көбіне бұрын сотты болған өзге өңір тұрғындары мен шеттен келген келімсектер баратын көрінеді.
Телеарна қызметкері шойын қақпақты бірнеше нүктеге апарып сатуға тырысқан. Әуелі шойынға қызыққандар қақпақтың коммуналдық мүлік екенін көрген бойда оны алудан үілді-кесілді бас тартқан. Тіпті кәріз құдығы мен арық жүйесінің қақпағын қабылдаса, бастары бәлеге қалатынын ашық мойындады. Барлығы бірауыздан полицейлер шойын қақпақ үшін қомақты айыппұл арқалататынын мәлімдеді.
"Полицейлер бұл үшін қамайды, оданша басқа жерге апарып сатыңыз. Бізге айыппұл салады, қазір қатты тексеріп жатыр. Бұрын ала беретін едік, қазір тыйым салды", - дейді алыпсатарлардың бірі.
Осыдан кейін эксперимент қала сыртында, яғни Алматы облысында жалғасты. Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылындағы темір қабылдайтын нүктедегілер оңай олжаға қуана кетті. Бірақ қауіптің алдын алу үшін жүргізушіні видеоға түсіріп, ақыр соңы темірді сатып алды.
Облыстағы алыпсатарлар ауыр қақпақ үшін небәрі 3700 теңге төледі. Ал, коммуналшылардың сөзінше, мұндай люк қақпақтарының құны ең кемі 50 мың теңге тұрады екен.
© almaty.tv
Показать комментарии
Читайте также