24 қазан 2016 16:00

ЭКСПО-2017 жер шарын сақтау үшін болашақтың энергиясын пайдалануда барлық әлемді біріктіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

"ЭКСПО-2017" көрмесі - бұл жер шарын сақтау үшін болашақтың энергиясын пайдалануға дайындықта әлем мен барша адамзатты біріктіретін оқиға. Бұл жөнінде "Астана ЭКСПО - 2017" ҰК ілгерілету және туризм департаменті директорының орынбасары Роза Асанбаева Strategy2050.kz АА-ға берген сұхбатында айтты.
 
"Қазақстанда әлем бойынша ұқсастығы жоқ көрікті жерлер бар. "Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясы, өз кезегінде, елдің туристік кластерін шетелде таратып түсіндіретін болады. Біз көрменің жер шарын сақтау үшін болашақ энергиясын пайдалануға дайындықта әлем мен барша адамзатты біріктіретін оқиға екенін көріп отырмыз, себебі біздің көрмеміз "Болашақтың энергиясы" қамқорлығымен өтуде", - деді ол.

Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні туризм әлемі географиялық таптаурыннан алыстап бара жатыр, енді көптеген туристер белгіленген тур-бағдарларды таңдайды.

"Әлемнің туроператорлары туристік бағдарларға адамдардың жаңа тәжірибе мен әсер алу жүйесі ретінде қарайды. Бүгінгі таңда туристерді Алматы, Алматы облысы, Бурабай, Байқоңыр, Маңғыстау, Балқаш көлі қызықтырады. Біз  Жапониядағы көрмеге қатыстық, жапондық тур-операторлардың біреуі Жапония бойынша "ЭКСПО-2017" көрмесіне билет сату жөніндегі бас агент болуға ниет білдірді, Кореядағы туроператорлармен де дәл осындай келісушілікке қол жеткізілді", - деді Роза Асанбаева.

Ол атап өткендей, мұндай үлкен қызығушылық "ЭКСПО-2017" көрмесіне байланысты туындаған.

"ЭКСПО-2017" - бұл барша ел болып қолға алынған ұлттық жоба. Қазір біз осы қарқынды үзбей, біртіндеп, көрмеден кейінгі әсерді қалай сақтап, жалғастыру керектігін үлгі ретінде көрсетіп жатырмыз. Еуропада біз аса танымалдылыққа ие болдық, себебі Қазақстанның Миландағы павильоны танымал болғаны соншалықты, тіпті адамдар қазақстандық павильонға қатысу үшін 8 сағаттан кезекте тұрған", - деді Роза Асанбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети