"Экспресс-К" газетінің бас директоры Алексей Пан Гоадағы шипажайда қайтыс болды

Алексей Пан. ©rus.azattyk.org

"Экспресс-К" газетінің бас директоры Алексей Пан Гоадағы шипажайда жергілікті балаларды құтқару кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы басылымның бас директорының орынбасары Әділхан Нүсіпов хабарлады.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға 21 наурыз күні болған. Алексей Пан үнді шипажайында отбасымен бірге демалып жатқан. Марқұмның әйелінің айтуынша, Алексей Пан суға тұншыққан жергілікті балаларды құтқарғысы келіп, суға түскен. Балаларды жағалауға шығарғаннан кейін оның жүрегі тоқтаған.

"Сергей Панның әйелі айтқан соңғы ақпараттарға қарағанда, марқұмның денесін отанына жеткізуде белгілі бір қиындықтар туындап отыр. Газет редакциясы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің қызметкерлерінен Сергей Панның денесін Қазақстанға жеткізуге көмектесуді сұрайды", - деді Нүсіпов. Айта кетейік, Алексей Панның әйелінің телефон номері Tengrinews.kz редакциясында бар.

Реклама
Реклама

Алексей Пан ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірді. "Огни Алатау" газетінің тілшісі болды, "Караван" газетінде жарнама қызметін, "Еуразиялық өнеркәсіп ассоциациясының" қоғаммен байланыс департаментін басқарды. 2008 жылы "Экспресс-К" газетінің бас директоры болды. Алексей Пан - Қазақстанның құрметті журналисі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама