Экстрадиция әзірге талқыланып жатқан жоқ - СІМ Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық туралы

Экстрадиция әзірге талқыланып жатқан жоқ - СІМ Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық туралы Фото: azh.kz

Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандықты экстрадициялау туралы әзірге сөз болып отырған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандықты экстрадициялау туралы әзірге сөз болып отырған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында оған Дубайда сотталған қазақстандық экстрадициялана ма деген сауал қойылды.

"Бұл - Дубай қаласының бірінші инстанциядағы сотының шешімі. Апелляция берілді, тиісті рәсімдер бар, сондықтан экстрадициялау туралы әзірге ешқандай сөз қозғау мүмкін емес. Алдымен бүкіл сот процесі аяқталуы керек, содан кейін ғана шешім қабылданады", - деп жауап берді Әлібек Бақаев.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, бұл мәселе Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) заңнамасына сәйкес шешіледі. Қазір бұл іспен адвокаттар мен Қазақстанның Бас консулдығы айналысып жатыр.

"Бас консулдық, әрине, көмек көрсетеді, өйткені ол - біздің азаматымыз", - деді министрдің орынбасары.

Шенеуніктің мәліметінше, сотталған қазақстандықтың туыстары Қазақстан СІМ-не жүгінбеген.

Мән-жайы

Кеше, 21 сәуірде 22 жастағы қазақстандықтың БАӘ-де өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. СІМ мәліметінше, 2026 жылғы 18 наурызда Дубайдың бірінші инстанциядағы соты оны бірқатар ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті, сондай-ақ айыппұл салды. Қазақстандық апелляциялық шағым түсірді, үкім заңды күшіне енген жоқ. Қазақстан елшілігі БАӘ-нің құзыретті органдарына ресми сауал жолдады.

Бұған дейін жігіттің туыстары "Ақ Жайық" порталына оның 2024 жылы БАӘ-ге табыс табу үшін кетіп, ол жақта жүргізуші болып жұмыс істегенін айтқан болатын. Туыстары бұған дейін журналистерге оның кінәсіне сенбейтіндерін және жала құрбаны болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Кейбір басылымдар бұл істі 2025 жылғы Жаңа жыл қарсаңында Дубайдағы Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың бірі Эдвард Сабиров тұрған виллаға жасалған шабуылмен байланыстырады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама