Экзитпол нәтижелері: Қазақстан жаңа Конституцияны қолдайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Экзитпол нәтижелері: Қазақстан жаңа Конституцияны қолдайды Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумның экзитпол нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнама деректері республикалық телеарналар эфирінде көрсетілді.

Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумның экзитпол нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнама деректері республикалық телеарналар эфирінде көрсетілді.

Сауалнама нәтижелері

Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды сауалнамаға қатысқан 30 мың азаматтың 86,7 пайызы қолдаған. Олардың мәліметінше, дауыс беруге қатысу көрсеткіші 75,3 пайыз болған. Экзитпол деректерінің статистикалық қателік деңгейі ±1 пайыз.

Реклама
Реклама

Ал "Социс-А" Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" жүргізген сауалнамаға сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,4 пайызы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған. Олардың мәліметінше, учаскелердегі қатысу көрсеткіші 73,8 пайыз болған. Сауалнама деректерінің социологиялық қателік деңгейі ±1,5 пайыз.

Анықтама: Экзитпол (ағылшын тілінен "шығардағы сауалнама") - әлемдік социологиялық тәжірибеде қолданылатын, дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау учаскелерінен шыққан азаматтарға жүргізілетін сауалнама.

Қоғамдық саясат институты жүргізген экзитпол нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан 24 мың адамның 88,6 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған. Олардың мәліметінше, дауыс беруге қатысу деңгейі 72,1 пайыз болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама