“Экзотика ма?“ Қазақстандықтарды картоп бағасы таңғалдырды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстандықтар, әсіресе Алматыда, картоптың қымбаттауына наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар, әсіресе Алматыда, картоптың қымбаттауына наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жуырда әлеуметтік желілерде тараған кадрларда қыз Қазақстандағы супермаркеттердің бірінде видео түсіріп, кадр сыртында картоп бағасы таңғалдырғанын айтады. Ол әсіресе жаңа піскен картоптың бағасын атап өтті – бір келісі шамамен 1300 теңге болған.

Ол бұл бағаны помело және грейпфрут секілді жемістердің бағасымен салыстырды, олар арзан болған.

Реклама
Реклама

"Сонда бұл (картоп - авт.еск.) – Қазақстанда өспейтін жемістер сияқты экзотика ма? Бұл жерде үлкен сұрақ туындайды: не себепті? ...мен картопқа ақша жинауға кеттім", – деп жазды ол жарияланымда.

Неге картоп 1300 теңге тұрады?

Картоптың бағасы оның шыққан еліне және өнімнің сипаттамасына байланысты әртүрлі болатыны белгілі болды. Қазақстан дүкендерінде картоптың әртүрлі бағадағы бірнеше түрі сатылады.

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәліметінше, сауда желілерінде көкөніс өнімдерінің кеңейтілген ассортименті ұсынылады. Жергілікті картоппен қатар, Пәкістаннан, Өзбекстаннан және басқа елдерден әкелінген картоп та сатылады.

Мысалы, бір сауда желісінің мәліметінше, әлеуметтік картоптың бағасы – келісіне 193 теңге болса, жаңа піскен қазақстандық картоп – 1299 теңге.

Пәкістаннан әкелінген картоп 349 теңге тұрады, ал қазақстандық іріктелген картоп 399 теңгеден сатылады.

"Сатып алушы өз бюджеті мен қалауы бойынша картопты таңдай алады", – деп нақтылады қазақстандық сауда желісінің өкілдері.

Сонымен қатар, Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі деңгейін тұрақты бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті. Картоп осы тізімге кіретін болғандықтан, оған сауда үстемесі сатып алу бағасының 15 пайызынан аспауы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама