Елбасы Кәрім Мәсімовті қабылдады

Елбасы Кәрім Мәсімовті қабылдады © akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ?лтты? ?ауіпсіздік комитетіні? т?ра?асы К?рім М?сімовті ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде өтетін халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін тағы да алғыс білдірді.

"Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов еліміздегі қазіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу кезінде арнаулы және құқық қорғау қызметтері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білді", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама