Елбасы "Казақ Елі" монументі алдындағы этноауылды аралап көрді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына орай елдің барлық өңірі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған этноауылда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Алаңға 50 киіз үй тігіліп, концерттік сахналар, жарыс өткізетін спорт алаңқайлары орнатылған. Мемлекет басшысы елорда тұрғындарымен және қала қонақтарымен әңгімелесті, сондай-ақ барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, игілік пен бақ-береке тіледі. 


© Тұрар Қазанғапов

Реклама
Реклама

Айта кетейік, мереке "Қазақ елі" монументі алдындағы облыстардың ұлттық киім киген өкілдерінің шеруінен басталды. Ашылу салтанатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға жиналған барша қауымды бүгінгі айтулы күнмен құттықтады.

"Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі тоймен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі мереке ең алдымен батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым етіп, ата тарихтан тағылым алу үшін өткізіліп отыр", - деді ол.

Этноауылда республикамыздың әр өңірі елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына театрландырылған көрініс, үздік хореографиялық ұжымдардың, этнографиялық ансамбльдердің, эстрада әртістерінің қатысуымен мәдени бағдарламалар ұсынып жатыр. Сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері ұйымдастырылды.


© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама