Елбасы көктемгі егіске қажетті барлық жағдайды жасауды тапсырды

©Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке көктемгі егіс жұмыстарына қажетті барлық жағдайды жасауды тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Президентке ведомствоның 2013 жылғы қызметінің қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Министр агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде, мал шаруашылығын дамыту барысы және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы да айтып берді.Өз кезегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірлерде егіс науқаны, ал солтүстік облыстарда оған дайындықтың басталуына орай көктемгі егіс жұмыстарын өз уақытында және сапалы жүргізуге қажетті барлық жағдайды жасауды тапсырды.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама