Елбасы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады

© akorda.kz

Елбасы "?азМ?найГаз" ?К" А? бас?армасыны? т?ра?асы Сауат Мы?баевты ?абылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

Елбасы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Сауат Мыңбаев Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның 2016 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады.

Кездесуде компанияның өндірістік-қаржылық және әлеуметтік саладағы қызметіне, сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыруына қатысты мәселелер қарастырылды.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардың іске асырылу барысы, соның ішінде Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттыру, Қашағандағы алғашқы кезеңдегі жұмыстар, Қарашығанақ кен орнын дамытудың перспективалары жөнінде айтылды.

"ҚазМұнайГаз" АҚ басшысы мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, компания өндірген және өңдеген мұнай көлемінің арта түскенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама