Елбасы ұрпақтар сабақтастығы жайлы айтты

Б?гін Мемлекет басшысыны? ?атысуымен ?аза?стан хал?ы Ассамблеясы фестивалі ?тіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? Facebook желісіндегі пара?шасына сілтеме жасап.

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы фестивалі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл" ҚХА фестивалінде Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай отырып, жастарға үндеу айтты.

"Бүгінгі фестивальге Қазақстан халқы Ассамблеясын алғаш құрған жолдастарымның балалары да қатысып жатыр. Бұл ұрпақтар сабақтастығының мысалы. Мен осында келген жастарға ризашылығымды білдіремін. Біз 25 жыл бойы сендердің бізден жақсы өмір сүрулерің үшін барын жасадық. Біз сол үшін еңбек еттік", - деді Қазақстан Президенті.

Реклама
Реклама

"Сендер біздің "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының төңірегіне жиналған болашақ ұлтымыз болып саналасыңдар. Жастарға айтарым, Қазақстанды дамытып, гүлдендіруде адал еңбек етіңіздер. Отанымызды сүйіңіздер, бағалаңыздар, бір-бірлеріңізді бағалаңыздар", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, елбасы еліміздегі ұлттардың ынтымақтастығы арқасында осындай мықты ел болып отырғанымызды айтты.

Ал осыған дейін Мемлекет басшысы қазақстандық үш ұлттық театрға академиялық статусын беру туралы мәлімдеген еді. "Біз бірлік пен тұрақтылықтың ерекше рухын жасадық. Қазақстанда өмір сүру, оқу, жұмыс істеу, бала тәрбиелеу жайлы. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз. Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің басты байлығы. Мемлекет әрдайым барлық этномәдени бірлестіктерді қолдап келеді, балалар үшін мектептерді қаржыландырады. Біздің газеттер мен журналдар 15 тілде, ал театрларымыз 7 тілде сөйлейді. Бұл Қазақстанда бар. Мұндай басқа елдерде жоқ. Бүгін мен үш театрға, корей, неміс және ұйғыр театрларына академиялық театр статусын беру туралы мәлімдеймін. Осы театрларды құттықтаймын", - деді Назарбаев. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама