02 маусым 2020 18:15

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғаны атап өтілді.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде Әсет Исекешев коронавирус эпидемиясына қарсы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, әскери, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметі бойынша мәселелер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешенінің даму перспективалары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram