05 қазан 2018 | 12:17

Елбасы барлық мектеп пен балабақшаны бейнебақылау камерасымен 100 пайызға жабдықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан залқына жыл сайынғы Жолдауында білім беру саласында бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан залқына жыл сайынғы Жолдауында білім беру саласында бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектепке дейінгі білім беруді түбегейлі күшейту қажет. Ғылым балалардың негізгі ойлау қабілетінің алты жасқа дейін қалыптасатынын айтады. Біз мұнымен ешқашан айналыспағанбыз. Бұл туралы бүкіл әлем біледі. Білік арттыру талаптарын, оқыту әдістерін, тәрбиешілер мен балабақшаның өзге де жұмысшыларының еңбекақы жүйесін қайта қарау қажет

Реклама
Реклама

Білім министрлігі биыл әкімдіктермен бірге сәйкес Жол картасын дайындауы қажет. Ерлан (білім және ғылым министрі Сағадиев - Авт.), бұл соншалықты қиын ба? Жүзеге асырайық. Көп іс тындырамыз. Балалардың 95 пайызы балабақшаға барады, мұндай болмаған. Іске кірісіп, соңғы бес жылда осыған қол жеткіздік. Ал енді сапасына назар аударайық", - деп тапсырма берді Президент.

Президенттің айтуынша, орта білім беру жүйесінде бірқатар реформа аяқталады. 

"Негізгі көзқарас анықталды, енді оның орындалуына назарн аударуымыз керек. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту әдістемесі мемлекеттік мектептерге бірыңғай стандарт болуы қажет, мұнда әдістеме мен стандарт жайлы айтып отырмын. Бұл мектептегі білім беру жүйесіндегі бітпейтін реформалардың қорытынды шешімі болуы тиіс. Бұл мектептер тиімділігін көрсетті. Қалған мектептерге де осы тиімділікті алайық. Бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделеді. Біздің балалар - ғаламшардың ертеңгі ұрпақтары, оларды дайындауымыз қажет. Мектепте профдиагностика өткізу қажет", - деді Назарбаев.

Тапсырмалардың бір бөлігі балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қатысты. 

"Балалар қауіпсіздігінің маңызын ескере отырып, мектептер мен балабақшаларды видеобақылау камераларымен 100 пайыз жабдықтауды, мектеп психологтарының жұмысын күшейтіп, өзге де шараларды дамытуды тапсырамын", - деді Елбасы. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная