Елбасы қалай дұрыс қартаю керек екенін айтты
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапары барысында дұрыс қартаюдың құпиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапары барысында дұрыс қартаюдың құпиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұрын қарияларды халықтың кекшілдері деп атаған - үйде отырады, бір нәрсеге көңілі толмайды. Қартая білу қажет, жақсы қартаю керек. Нашар қартаю дегеніміз не... Отырып, былай дейді: "Қартайған жаман. Әйелім жақсы болғанда ғой, мен жақсы болар едім. Достарым жақсы болғанда ғой, бұдан да жақсы болар едім. Үкімет маған кедергі болмағанда ғой, мен онда тіпті...", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі нысандарды аралау кезінде.
"Жақсы қартаю. Онда былай дейді: "Осы жасыма жеткеніме шүкір, балаларды тәрбиеледім, өзім өмір көрдім, тірімін және денім сау. Елім, халқым тыныш әрі аман-есен өмір сүрсінші", - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды аралау барысында қаладағы екі бөлмелі пәтердің бағасы қанша екенін сұрап көрді.