31 шілде 2020 09:21

Елбасы: Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді

Фото: Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

"Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Реклама
Реклама

Мейірімділіктің, жақсылық пен жасампаздықтың символы болып саналатын бұл жарқын мейрам біздің жүрегімізге жақындарымызға деген сүйіспеншілік ұялатып, игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді.

Осы күні біз Жаратқанға жалбарынып, өзімізге бейбіт өмір мен тыныштық, қайрат-қуат пен рухани күш-жігер сұраймыз.

Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі.

Елімізде Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Осы қастерлі мерекеде барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Айт қабыл болсын!", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram