1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елбасы "Самұрық-Қазына" АҚ тәуелсіз директорымен кездесті20 маусым 2017, 22:02

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Ричард Эванспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентіне "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет ұсынылып, холдингті трансформациялау барысы туралы есеп берілді.

Тараптар акционерлік қоғамды одан әрі дамыту перспективалары мен оның тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.


© akorda.kz

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ричард Эванс Қазақстанның көлік-логистика саласының өзекті мәселелерін және Астананың өңірлік көліктік хаб ретінде қалыптасу мүмкіндіктерін талқылады.

Еліміздің экономикалық даму үдерісіндегі өскелең ұрпақтың рөлін арттыру мәселелері де қаралды.