26 сәуір 2022 | 09:02

Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады

Фото:elbasy.kz

Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов ​​мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов ​​мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, Конституцияда Тұңғыш Президенттің жаңа мәртебесі бекітілмейді, тек оның тарихи рөлі нақтыланатынын атап өткім келеді.

Сонымен бірге, жұмыс тобының бастамасымен Тұңғыш Президенттің өкілеттіктеріне қатысты барлық норма Конституциядан алып тасталады.

Осыған сәйкес Тұңғыш Президент - Елбасы туралы конституциялық заң алдағы уақытта күшін жояды", - деді Ермек Әбдірасулов.

Бұған дейін Әбдірасулов ​​еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі Қазақстан Конституциясында сақталады деп мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама

Кейін конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасында Елбасының конституциялық өкілеттіктері туралы баптарды алып тастау ұсынылғанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная