ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 шілде 2026 18:42
Эльдар Күзенбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды
Эльдар Күзенбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Эльдар Күзенбаев Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Эльдар Күзенбаев туралы не белгілі?
Эльдар Күзенбаев 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қостанай облысы Соттар әкімшісі ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2003-2004 жылдары - Қостанай облысы Соттар әкімшісі Қарабалық аудандық учаскесінің аға сот орындаушысы.
2004 жылы - Қостанай облысы Соттар әкімшісі Рудный аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы.
2004–2006 жылдары - Қостанай облысы Соттар әкімшісі атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру және сот приставтарының қызметі бөлімінің бастығы.
2006 жылы - Қостанай облысы Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы.
2006–2008 жылдары - Қостанай облысы Әділет департаменті Қарабалық аудандық әділет басқармасының бастығы.
2008-2010 жылдары - Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай аудандық әділет басқармасының бастығы.
2010-2013 жылдары - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары.
2013-2018 жылдары - Қостанай облысы Сарыкөл ауданының әкімі.
2018-2019 жылдары - Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.
2019-2021 жылдары - "Nur Otan" партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2021-2022 жылдары - Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы.
2022-2023 жылдары - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2023-2026 жылдары - Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу