1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елде локдаун енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ - вице-премьер

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Қазақстан бойынша локдаун енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін ведомствоаралық комиссия отырысында шектеулер бойынша ұсыныстар бердік. Әрі қарай не болатынын эпидемиологиялық жағдай көрсетеді", - деді Тоғжанов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың үнді штамына байланысты карантин күшейтілетіні хабарланған болатын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда жекелеген шектеулер енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!