25 қаңтар 2023 | 09:24

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару: үкіметте заң жобасы қаралды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшылары қатысқан Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшылары қатысқан Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар Президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге және т.б. бағытталған нормалар қарастырылған.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады.

Реклама
Реклама

Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген.

Премьер-министр Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная