Елдік мүдде жолындағы маңызды кезең

Елдік мүдде жолындағы маңызды кезең Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті XXXIV сессиясына қатысқан Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев күшіне енген жаңа Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленгенін атап өтті.

"Жаңа Преамбулада байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығын сақтау басты қағидат ретінде бекітілген. Билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылып, басқару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылды. Бұл – мемлекетіміздің тұғырын нығайтып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға негіз болатын маңызды құжат. Мұның барлығы –Қазақстанды демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға бағытталған жүйелі қадамдар", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Облыс әкімі елдік мүдде жолындағы маңызды іске белсенді қатысуға шақырды.

Жарнама
Жарнама

"Жаңа Ата Заңымыз күшіне енгеннен кейін Президентіміз 23 тамызда Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын саяси кезеңде баршаңызды елдік мүдде жолындағы маңызды іске белсенді қатысуға шақырамын", – дейді Қызылорда облысының әкімі.

Жиында бірқатар азаматқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жолдаған Құттықтау хаты және Конституцияның арнайы басылымы табыс етілді.

Суреттер: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама