22 маусым 2023 12:59

Электрсамокат жүргізушілеріне қандай жағдайда ауыр жаза қолданылды?

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев электрсамокаттардың жүргізушілері қандай жағдайда құқығынан айырылатынын немесе қамауға алынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев электрсамокаттардың жүргізушілері қандай жағдайда құқығынан айырылатынын немесе қамауға алынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенат кулуарында журналистер Қайсар Сұлтанбаевқа жол-көлік оқиғасы болған жағдайда электрсамокаттың жүргізушісіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салына ма, әлде тәртіп бұзушы бұдан да қатаң жаза ала ма? - деген сауал қойды.

Реклама
Реклама

"Бұл басқа заң. Қазірдің өзінде жол-көлік оқиғасы туралы заң қабылданатын болады. Дәл қазіргі уақытта үлкен жауапкершілік бар: қамауға алу және көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған", - деді Сұлтанбаев.

Еске салайық, 22 маусымда Сенат депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдаған болатын, оған сәйкес электрсамокаттарды реттеу мәселесі шешілетін болды.

Қазақстанда электрсамокат жүргізушілерін тағы қалай жазалайды, мына жерден оқыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram