02 маусым 2022 | 13:26

Элеваторда ойнап жүрген бала 15 метр биіктен құлады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде элеваторда ойнап жүрген бала 15 метр биіктен құлады, - деп хабарлайды diapazon.kz басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде элеваторда ойнап жүрген бала 15 метр биіктен құлады, - деп хабарлайды diapazon.kz басылымы.

Басылымның мәліметінше, 30 мамырда түнгі 00:00 шамасында полицияға Жанқожа батыр көшесіндегі тұрғын үй ауласынан 9 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер баланы көшедегі қараусыз қалған ескі ғимаратта ес-түссіз жатқан жерінде тапты.

Реклама
Реклама

"Баланың ескі ғимаратта балалармен ойнап жүріп 15 метр биіктен құлағаны, көптеген дене жарақаттарын алғаны белгілі болды. Ол ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы ДПД баспасөз қызметі.

Баланың аты - Батыр, ол Ақтөбеге Шалқардан демалысқа келген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы ауыр екенін айтады.

"Баланың жағдайы өте ауыр. Комада өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық әкімдік қайғылы оқиғадан кейін ғимарат қоршалғанын айтты.

Ал тұрғындар, бұл ғимарат көптеген жылдар бойы қараусыз тұрғанын айтып шағымданды. Айтуларынша, ол банкте кепілде тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram