Елімізде 13-15 ақпан аралығында күн алабұлтты және жауын-шашынсыз болады

© Николай Колесников

Қазақстанның бірқатар аумағында 13-15 ақпан аралығында күн алабұлтты және жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Сібір антициклонының сілемдері демалыс күндері Қазақстандағы ауа райды анықтайды. Республиканың көптеген облысында алабұлтты және жауын-шашынсыз, ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деп күтіледі. Осы аудандарда температура қалыпты нормадан 3-6 градусқа төмен болады, бірақ жауын-шашын болмайды. Тек республиканың орталығында және солтүстігінде жақын арадағы тәулікте атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде аздаған қар жауады", - деді синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде көру қашықтығы 100-500 метрге дейін болатын тұман сақталады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама