Елімізде алаяқтық 18 пайызға азайды - ҚР ІІМ

© vlgn.ru

?ткен жылды? с?йкес мерзімімен салыстыр?анда ?араша айында?ы деректер бойынша тіркелген алая?ты? ?рекеттер саны 18 пайыз?а азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда қараша айындағы деректер бойынша тіркелген алаяқтық әрекеттер саны 18 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, былтырғы 32 295 қылмыстың орнына 26 469 дерек тіркеліп отыр. "Жыл басынан бері жауапкершілікке 5,6 мыңнан астам алаляқ жауапкершілікке тартылды, 3,5 мыңнан астам іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алаяқтық қылмыстарды ашу көрсеткіші 56,3 пайыздан 62 пайызға дейін жақсарды", - дейді ІІМ өкілдері. 

Сондай-ақ, алаляқтық қылмыстары әртүрлі жолдармен, оның ішінде қайтарылмау мақсатында қарызға ақша алу және орындамайтын келісім шарттар жасасу, жалған кредиттер ресімдеу, жұмысқа орналастыру, жылжымайтын мүлік сату, жарнамалар арқылы тауарлар (автокөлік, бөлшек, бренд киімдер және т.т.) сату салдарларымен, жалған "ұтыстарға" төлем ретінде ақша аударту және т.т. алаяқтық әрекеттер жасалатыны айтылады. 

Реклама
Реклама

"Алаяқтарға құрбан болмау үшін қымбат тұратын мүлікті (жылжымайтын және жылжымалы мүлік) оп-оңай иеленуді ұсынатын кез келген ақпаратты қайталап тексерудің маңызы бар, онда Мүлік иелену құқығына қатысты барлық мәселелерде азаматтық- азаматтық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес және нотариаттық құқыққа сәйкес заңды түрде ресімдеу қажет", - деп ескертті министрлік өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама