Елімізде алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Елімізде алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Синоптиктер 30 шілде - 1 тамыз күндерінее арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 30 шілде - 1 тамыз күндерінее арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батыс өңірінде жаңбыр жауып, күн салқындайды.

"Жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күндізгі ауаның температурасы 17-25 градусқа дейін төмендейді. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы және 35-40 градус қатты ыстық сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, дауылды жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама