ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 желтоқсан 2016 12:54
Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2016 жылды? 10-12 желто?сан аралы?ында?ы демалыс к?ндеріне ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2016 жылдың 10-12 желтоқсан аралығындағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Атлантикада туындаған циклондар үлкен жылдамдықпен континентке және әрі қарай Сібірге жылжып келеді. Ал циклондармен байланысты қалыптасқан атмосфералық фронттар Қазақстандағы ауа-райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері ілескен қар жауу, боран және күшті батыс желі күтіледі", - деп хабарлады мамандар.
Сондай-ақ, атлантикалық циклондардағы ауа жылы болғандықтан, қысқа мерзімді суықтан кейін қайта ауа температурасының көтерілуі және көктайғақ күтілетіні айтылады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу