ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 наурыз 2017 12:53
Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2017 жылдың 4-6 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облысында ауа райын антициклондар анықтайтын болады. Соның әсерінен аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы орнығады. Бірақ түнгі және таңертеңгі уақыттарда көрінуі 200-500 метр тұман болуы мүмкін. Сондай-ақ, ауа температурасы климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары болады деп күтіледі.
"Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысы алдағы үш тәулікте, бұрыңғысынша, биіктік циклондарының ықпалында болады. Осында көбінесе аздаған қар, тұман, көк тайғақ, ауа температурасы нормаға жуық және нормадан 1-3 градусқа төмен болады деп күтіледі", - деді мамандар.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу