Елімізде демалыс күндері қар жауады

© Николай Колесников

Елімізде демалыс күндері қар жауып, боран тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Исландияда қалыптасқан циклон Қазақстан ауа райына айтарлықтай әсер етеді. Осы циклонға байланысты республика аймағында жылы әрі ылғалды ауа ағыныны қалыптасады", - деді метеорологтар.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері еліміздің барлық облысында қар жауып, боран соғып, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 25 метр болады. Сонымен қатар, ауа температурасының жоғарылауы да күтіледі. Республикамыздың оңтүстігі пен оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-25 метр болатын жел тұрып, тұман, көктайғақ болады. Бұл жерлерде ауа температурасы төмендейді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама